Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы
Жаңа жаңалықтарға жазылыңыз
Сайтта өзгеріс болса, сізге E-mail арқылы хабарлама келеді.
Жазылу
Жазылған: 70

«Эмоция, тұлға, құндылық: психологиялық қолдаудың заманауи қырлары» тақырыбындағы қалалық семинар, Шымкент қаласы

62


2025 жылғы 25 желтоқсанда Шымкент қаласының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен
«Эмоция, тұлға, құндылық: психологиялық қолдаудың заманауи қырлары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Іс-шара Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектепте ұйымдастырылып, оған мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтері  және "Шеберлік шыңы" әдістемелік орталығы қатысты.

Семинардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау жұмыстарының мазмұнын байыту, тәжірибелік негізін күшейту, баланың тұлғалық дамуы мен психоэмоциялық саулығын қамтамасыз етудің тиімді жолдарын ортаға салу болды. Қатысушылар өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық тренингтер мен интерактивті тапсырмаларға белсене қатысты.

Іс-шара барысында ұсынылған тәжірибелік жұмыстар, қолданылған заманауи әдіс-тәсілдер мен психологиялық қолдау модельдері қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Озық тәжірибесін ұсынған педагог-психологтер сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Семинар аясында жинақталған материалдар Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ үйлестіруімен 2025 жылдың екінші жартыжылдығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер және арнаулы (коррекциялық) білім беру мекемелерінде жүзеге асырылған психологиялық жұмыстардың қорытындысын қамтыды. Аталған материалдар педагог-психологтердің кәсіби тәжірибесін жүйелеп, әдістемелік құрал ретінде ұсынылды.

Бұл жұмыс «Психологиялық қолдау орталығы» мен «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығының бірлесуімен дайындалған әдістемелік жинаққа еніп, білім беру ұйымдарына тәжірибелік қолдау көрсететін маңызды ресурс ретінде бағаланды.