Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы
Жаңа жаңалықтарға жазылыңыз
Сайтта өзгеріс болса, сізге E-mail арқылы хабарлама келеді.
Жазылу
Жазылған: 70

ШӘКІРТТЕРІН ШЫҢҒА БАСТАҒАН ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ...

82

 



Менлибаева Айгерим Омаровна

 


         Менлибаева Айгерим Омаровна  жоғары білімді, педагогика ғылымдарының магистрі. Педагогикалық өтілі-13 жыл. Ол   2013 жылдан бастап, Қызылорда қаласы, Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицейінде ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұзтаздық қызметпен бірне аналық міндетті алып жүрген көп балалы ана.


Менлибаева Айгерим Омарқызы оқу-тәрбиелік  нормативтік-құқықтық  базасын толық білетін, өзі сабақ беретін пәндерінің негізгі және білім облыстарын, арнайы педагогика мен баланың жас мөлшері психологиясын терең  меңгеріп, іске асырып жатқан ұстаз. Өз педагогикасының іс-тәжірибесінде тұлғалық бағдар тәсілін қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады, оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданады, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасайды, жалпыға міндетті  негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған оқушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастырады. Нәтижесінде, олимпиада жүлдегерлері, ғылыми ізденіспен айналысатын оқушылар саны көбеюде.


Оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық әртүрлі байқау, олимпиадаларға белсене қатысады. Республикалық  нәтижелер:    XIX Республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобаларымен шығармашылық жұмыстардың конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қол жеткізген ерекше жетістігі үшін ГРАМОТА Сапарбек Асылан.2024ж. Облыстық нәтижелер: Республикалық «Зерде» конкурсы 1 орын, Сапарбек А. 2024ж., Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі 1 орын, Юн А., 2023ж.


Педагог өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап немесе сынақ түрінде бағалап қана қоймай, алғыр ойларымен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби, шығармашылық байқауларға белсене қатысып отырады.


Айгерім Омарқызы өз іс-тәжірибесімен Алтынсарин академиясымен Астана қаласының әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткен ғылыми – тәжірибелік конференцияда үздік баяндама жасаған. Семинарларда арнайы педагогика мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдебөлісіп отырады. Педагогтың ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдары халықаралық, республикалық, облыстық баспа беттерінде шықты.


Айгерім Омарқызы өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық деңгейдегі үйлесімді  қасиеттері бар. Ол талапқойғыш  оған қоса мейірбан, жауапкершілігі бар ұстаз. Әріптестері, оқушылары мен ата-аналары арасында еңбегі сіңген беделге ие.


 


Орталық тілшісі: Әбілда Ақбаян