Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы

«Жасанды интеллект: «Жауқазын жүрек» шығармашылық көкжиегінде»

69

2026 жылғы 10 ақпанда Қазалы ауданында Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект: «Жауқазын жүрек» шығармашылық көкжиегінде» атты ІІ облыстық балалар шығармашылығын дамытуға арналған көшпелі әдеби алаң өткізілді. Іс-шара «Заңғар тұлғалар шығармасындағы заман шындығы» тақырыбы аясында үш кезең бойынша ұйымдастырылды.


І кезең – «BOOKSHOT: Классиканы жандандыру» (үй тапсырмасы).
Қатысушы командалар берілген заңғар жазушының шығармасы негізінде Bookshot форматында қысқа бейнеролик (буктрейлер) дайындады. Бейнероликтерде жасанды интеллект мүмкіндіктерін (анимация, дыбыс, визуал, мәтін генерациясы) тиімді пайдалану ұсынылды.


ІІ кезең – «Өмірлік даналық: ЖИ арқылы афоризмді дәлелдеу» (командалық жұмыс).
Бұл кезеңде Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» шығармасы негізінде афоризмдердің мазмұны талданып, өмір шындығы ашылды. Сонымен қатар қатысушылар жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып сурет/коллаж жұмыстарын ұсынды.


ІІІ кезең – «Live Podcast Arena: Өмір шындығы».
«Атау кере: Тағдыр мен ар жолында» тақырыбы аясында адам тағдыры мен моральдық дилемма мәселелері талқыланды.


Аталған іс-шараға Қызылорда қаласы мен Арал, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан командалары «Үздік командалық топ» номинациясымен және жеке жетістіктері үшін бірқатар арнайы номинациялар табысталды. Барлық қатысушыларға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының сертификаттары берілді.