«Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – үйден оқытудың табысты шарты» атты шеберлік сағаты өтті
«Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – үйден оқытудың табысты шарты» атты шеберлік сағаты өтті
2025 жылғы 30 қазан күні №233 Ж.Нұрсейтов атындағы орта мектеп базасында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – үйден оқытудың табысты шарты» атты облыстық деңгейдегі шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараны «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Басты мақсат – ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында педагогтердің кәсіби және адами құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу арқылы үйден оқыту жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау және балалардың тұлғалық дамуына жағдай жасау болды
Шеберлік сағатын №233 мектеп директоры Рсаева Айман Алтынбекқызы алғы сөзімен ашып, педагог мамандарға шығармашылық табыс тіледі. Іс-шара барысында «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығының директоры Тәжекеева Жадыраханым Серғазықызы педагог кәсібіндегі ізденіс пен жаңа тәсілдердің маңыздылығына тоқталды.
Бағдарлама аясында өңірдің үздік мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті:
-
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Маханова Жанат Жантұрсынқызы – үйден оқыту үдерісіндегі кәсіби құзыреттілік аспектілерін талқылады;
-
Түркістан қаласы №24 орта мектебінің педагог-психологы Онбаева Әмина – «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» тақырыбында баяндама жасады;
-
М.Сужиков атындағы №6 орта мектептің логопеді Примжарова Райхан Жандосқызы – бастауыш сынып оқушыларын кешенді дамыту алгоритмін ұсынды;
-
«Sirius-2» арнайы бөбекжай балабақшасының логопед-дефектолог мамандары Әскербай Гүлназ Ерланқызы және Амангелдиева Гүлшырын Жарқынқызы сөйлеу белсенділігін дамыту мен тұтығуды түзету тәжірибесін ортаға салды;
-
Сол мекеменің педагог-психологы Күнтуар Назерке Нарынбекқызы аутизмі бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін ұсынды;
-
М.Мәметова атындағы педагогикалық колледждің логопедия пәнінің оқытушысы Жусупова Мереке Алтынбекқызы мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық қабылдауын дамыту жөнінде баяндады
Шара соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, өзара пікір алмасты. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл шеберлік сағатының педагогтер арасында кәсіби тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болғанын атап өтті.
🔹 Ұйымдастырушы: «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығы
🔹 Өткізілген орны: №233 Ж.Нұрсейтов атындағы орта мектеп
🔹 Уақыты: 30 қазан, сағат 10:00–13:20



