Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы

Біз туралы

«Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығы 2021 жылдан бастап республика көлемінде жұмыс жасап келеді. Орталықтың басты бағыты — республика көлеміндегі педагогтер мәртебесін арттыру, іс-тәжірибелерін насихаттау және оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын дамыту. Орталық өз жұмысын бастаған уақыттан бері оқушылармен мұғалімдерге арналған шығармашылық байқаулар, ғылыми — тәжірибелік конференциялар, кәсіби конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып келеді. Соңғы жылдардағы білім саласының озық технологияларымен жаңартылған үлгілерін алғашқылардың бірі болып ұсынуда.

Қазіргі уақытта оқуағарту министрлігінің 2022 жылғы514 бұйрығымен және еліміздегі елеулі оқиғаларлт мақтаныштарының мерейтойлары, мерекелер мен мейрамдар) негізінде аттестацияға жарамды байқауларды оқушылармен ұстаздар назарына ұсынып отыр.

Қазіргі таңда әдістемелік орталықтан «Ozat.KZ», »Шебер педагог», »Шеберлік шыңы» республикалық ақпараттық- танымдық, педагогикалық журналдары, «MODERN teacher experience» Халықаралық педагогикалық журналы, »Зерделі жас» республикалық жасөспірімдер мен балалар журналы ай сайын жарық көріп отыр.

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында республика педагогтерінің инновациялық әдістерімен шығармашылық қабілеттерін шыңдау, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясында алға қойылған мақсаттарға жету үшін, еліміздің білімі мен ғылымын, білім беру, жастар саясатын іске асыру, әсіресе дарынды, өнерлі, білімді жастардың үздік жобаларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосу.

Міндеттері:


·Республикалық мәндегііс-шараларды: педагогикалық кәсібиконкурстар, байқаулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, оқушыларға арналған ғылыми жобалар, олимпиадалар мен шығармашылық байқаулар және еліміздің білімі мен ғылымын жаңғырту бағытындағы маңызды іс-шараларды ұйымдастыру;

·Педагогтердің инновациялық әдістерімен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, білім беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісу;

· Оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оятаотырып, шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру, зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;

· Республика көлеміндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы білім беретін білім ұйымдарымен колледж және ЖОО педагогтарының материалдарын Республикалық басылымдарға жариялау, білім беру саласындағы еңбектерін насихаттау;

·         Оқудістемелік әдебиеттерді шығару.

Сонымен қатар 2024-2025 оқу жылынан бастап «Шеберлік шыңы» қауымдастығы өз жұмысын бастады. «Шеберлік шыңы» қауымдастығы — кәсіби шеберлікті дамытуға, үздік педагогикалық тәжірибелерді игеруге және оны білім беру процесінде тиімді қолдануға бағытталған мұғалімдердің бірлестігі. Мұнда құрылған топ мүшелері орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген байқауларға, ғылыми жобаларға, конференцияларға қазылық жасап, өз жұмыстарын тегін ұсына алады.

Мұғалімдердің шығармашылық тобы — бұл білім беру процесін жетілдіру, әдістемелік жұмыс сапасын арттыру және жаңашыл тәжірибені енгізу, шығармашыл және зерттеуші бағытта жұмыс істеу, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әділ, шынайы, жауапты, үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатын педагогтердің ортасын құру мақсатында құрылған мұғалімдердің бірлестігі. Шығармашылық топ пән мұғалімдерін, бастауыш сынып мұғалімдерін немесе пәндерден тыс қызығушылық бойынша құрылған ұстаздарды өз өтініштері негізінде біріктіре  алады.

«Шеберлік шыңы» қауымдастығының мақсаты:


-   мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау,  шығармашылық әлеуетін дамыту, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру;

-   Жаңашыл идеяларды бөлісу және тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын көтеру;

-   Белсенді, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әділ, шынайы, жауапты педагогтердің қолайлы ортасын қалыптастыру;

-   Үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатын педагогтердің ортасын құру.

Міндеттері:


ü    Заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру және тәжірибеге енгізу;

ü    Өз тәжірибелерімен конференциялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру

ü    Ашық сабақтар, коучингтер, семинарлар ұйымдастыру;

ü    Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;

ü    Жылдық жұмыс жоспарын құрып, жүйелі түрде жұмыс жүргізу;

ü    Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын бірлесе талдау;

ü    Әдістемелік өнімдер дайындау (бейне сабақтар, нұсқаулықтар, т. б.).

 

Күтілетін нәтижелері:


ü    Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық белсенділігі артады;

ü    Жаңа педагогикалық тәсілдер мен тәжірибелер практикаға енгізіледі;

ü    Оқыту сапасы мен оқушылардың жетістіктері жақсарады;

ü    Шығармашылық өнімдер (әдістемелік құрал, сабақ жоспарлары, авторлық бағдарламалар) әзірленеді;

ü    Мұғалімдер арасында ынтымақтастық, тәжірибе алмасу мәдениеті қалыптасады.


Редакциямен байланыс:
Орталық директоры: Ж. Т. Сергазықызы
Орталық әдіскерлері: Г.Октябрь, Қ.Ғаниқызы
Байланыс телефондары: +7 (771-82) 1-46-57, +7 (747-51) 0-50-09

                                       
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі — жұма, 09:00 — 18:00
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Әл Фараби даңғылы 7, БЦ Нұрлы тау, Блок 1Б, 203 кабинет

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі № 6,  2- қабат, 32-кабинет