Білімнің жаңа тынысы – TopIQ
Білімнің жаңа тынысы – TopIQ
TopIQ – білімнің мөлдір бұлағы,
Жетелейтін армандардың тұрағы.
Жаңашылдық нұрын шашқан кең әлем,
Болашақтың жарқырайды шырағы.
Парақ емес, сандық әлем сөйлейді,
Ізденген жан жаңа білім көздейді.
Ой ұшқырлап, қиял қанат қаққанда,
Заманауи платформаны іздейді.
Ғылымға жол, болашаққа нық қадам,
Білімді ел – бағындырар ұлы арман.
TopIQ-дің шамы мәңгі сөнбесін,
Жарқырай бер, жас ұрпаққа боп бағбан!
Ақ парақтай аппақ арман оянып,
Әрбір сабақ шабыт болып боялып.
Ізденіске құштар жанның жүрегі,
Жаңа ойлар сәулесімен нұрланып.
Ұстаз үні – даналықтың асқары,
Оқушысы – болашақтың дастаны.
TopIQ-мен білім алған ұрпақтың
Жарқын болмақ әрқашанда аспаны.
TopIQ-мен оқушылардың білім шыңында жарқырауына бірге атсалысайық!
Жұмақан Райхан Ұзақбайқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақжар ауылы
Саға мектеп-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі



