Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы
Жаңа жаңалықтарға жазылыңыз
Сайтта өзгеріс болса, сізге E-mail арқылы хабарлама келеді.
Жазылу
Жазылған: 70

«ҰЛЫ ЕРЛІККЕ – 115 ЖЫЛ: МОМЫШҰЛЫ МҰРАСЫ» республикалық байқауы өтті

56

2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының даңқты перзенті, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлы ерлікке – 115 жыл: Момышұлы мұрасы» атты республикалық байқау өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын, әдеби және рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың бойына патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, ұлттық рухты ояту, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту, дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету болды.

Байқау аясында қатысушылар Бауыржан Момышұлының еңбектері мен өмір жолын терең зерделеп, қолөнер, сөз өнері, эссе жазу, ғылыми жоба сияқты бағыттарда өз қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар батырдың мақал-мәтелдері мен қанатты сөздерінің тәрбиелік мәнін ұғынуға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Республикалық байқауға Астана, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген белсенді жасөспірімдер мен мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар ғылыми жоба, эссе жазу, монолог оқу, мәнерлеп оқу және қолөнер номинациялары бойынша бақ сынады.

Әділқазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталды. Атап айтқанда, «Эссе жазу», «Ғылыми жоба», «Монолог оқу», «Мәнерлеп оқу» және «Қолөнер» номинациялары бойынша үздік деп танылған оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Байқау жұмысын бағалаған әділқазылар алқасының құрамында:

  • Емишова Аманкүл Бастаубаевна – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ғылыми-педагогикалық кітапханасының әдіскері,

  • Смайлова Ақмарал – «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығының әдіскері,

  • Шатемір Ақмарал,

  • Төребекова Римма Көпбергенқызы – Ақтөбе қалалық оқушылар сарайының «Көркем өнер» үйірмесінің жетекшісі болды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, кітапхана ұжымы барлық қатысушыларға кітап сыйлықтарын табыстады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар мен ұстаздар тарапынан оң пікір мен ризашылыққа ие болды.