Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы
Жаңа жаңалықтарға жазылыңыз
Сайтта өзгеріс болса, сізге E-mail арқылы хабарлама келеді.
Жазылу
Жазылған: 70

«Жұлдызай-2025» Ұлттық инклюзивті ойындары

64

 

2025 жылдың 5 қыркүйек күні «Нұрсәт» теннис орталығы мен СК «Евразия» кешенінде Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы және облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасымен бірлесе отырып, «Жұлдызай-2025» Ұлттық инклюзивті ойындары ұйымдастырылып өткізілді.


Бұл ойындардың басты мақсаты – ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың өздерінің физикалық және интеллектуалдық шектеулерін еңсере отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу және олардың қоғамдағы белсенділігін ынталандыру болды.


Жарыс барысында балалар асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, бочча, шоудаун, шағын футбол және голбол сияқты спорт түрлерінен бақтарын сынады.


Әрбір спорттық ойын бойынша үздік шыққан қатысушылар облыстық білім басқармасы және дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушы оқушыларға алғыс хаттар табысталды.


Жеңімпаздар қатарында:


·        Асық ату: Жалағаш ауданының, Жаңақорған ауданының және Қызылорда қаласының жас спортшылары;


·        Бес асық: Қызылорда қаласының №6, №5, №11 мектеп-интернаты мен жалпы білім беру мектептерінің оқушылары;


·        Тоғызқұмалақ: Қызылорда қаласы және Жалағаш ауданының оқушылары;


·        Үстел теннисі: Қызылорда қаласы, Жалағаш және Сырдария аудандарынан келген ерекше балалар;


·        Жеңіл атлетика: Қазалы, Жалағаш аудандары және Қызылорда қаласының мектеп оқушылары;


·        Бочча: Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының жас спортшылары;


·        Шоудаун: Қызылорда қаласының №5 арнайы мектеп-интернатының оқушылары;


·        Шағын футбол: Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданының командалары;


·        Голбол: Қызылорда қаласындағы №5 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ерекше көзге түсті.


Ойын қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығының жеңіске деген құштарлығы, табандылығы мен өз мүмкіндіктерін ашудағы қайсарлығы айқын байқалды.


«Жұлдызай-2025» Ұлттық инклюзивті ойындары – ерекше балалардың спорттағы жетістіктерін дәріптеп қана қоймай, олардың қоғамдағы орны мен әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.


Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!