"Шеберлік шыңы" әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте "Кітап-асыл қазына" атты танымдық сайыс сағаты өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Оқуға құштар мектеп" жобасын және "Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыру мақсатында "Шеберлік шыңы" Республикалық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Кітап-асыл қазына" атты танымдық сайыс сағаты болып өтті.
Сайыс барысында оқушылар "Аяз би" ертегісін талдап,талқылап, қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық және танымдық қасиеттерін көрсете отырып, қызығушылықпен қатысты.
Сайысқа №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Сайыс соңында "Ертегідегі кейіпкерге хат" айдарымен аяқтап, қорытынды шығарып, марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Мұратқызы Еркежан
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы
Ертегідегі кейіпкерге хат!
Маған бұл ертегідегі Жаман яғни Аяз биге хат.Жаман өте тапқыр болғаны қатты ұнады.Сіз кез-келген жерде ақылмен сабырлықпен шешесіз.Менің ойымша екінің-бірі сіз секілді бола алмайды деп ойлаймын.Сіз хан болғанда да,болмай тұрыпта өте көреген кісі болдыңыз.Осы қабілетіңіз арқылы Уәлібай ханның қызын алдыңыз.Менің ойымша әрбір тұлға сізден үлгі алады.Осыншалықты әділ болғандығыңыздан білдей хан болып тағайындалдыңыз.Мен болашақта дәл сіздей адал,көреген,тапқыр болғым келеді.Әрдайым өзіңіздің әділділігіңізді жоғалтпадыңыз.
Мүтәліп Еңлік
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы
Ертегідегі кейіпкерге хат!
Қырық уәзірге.Уәзірлер сендердің Жаманға істеген істерің дұрыс болған жоқ.Бірақ,оны өздерің де түсіндіңдер деп ойлаймын.Жаманға құрған тұзақтарыңа өздерің түстіңдер.Қазақта “Біреуге ор қазба,өзің түсесің”-деген мақал бар.Жаманға тілеген жамандықтарың өз бастарыңа түсті.Бірақ қатені түсінгендерің әрқашан дұрыс.Сендер өз жасаған жаман істеріңді түзетсеңіздер деп ойлаймын.
Темірхан Аяулым
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы
Ертегідегі кейіпкерге хат!
Сәлеметсіз бе,Мадан ханның анасы.Мен №173 орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы боламын.Мен “Аяз би” ертегісін оқи отырып,көптеген кейіпкерлермен таныстым.Сізге хат жазып отырған себебім,сізге өз ойымды айтқым келеді.Сіз өз қызыңызды наубайшының ұлына айырбастағаныңыз бір жағынан дұрыс болса,екінші жағынан бұрыс деп ойлаймын.Сіз өз өміріңізді сақтағыңыз келді,бірақ сіз 9 ай көтерген туған қызыңызды наубайшының ұлына айырбастап,бұл сырды ешкімге айтпай сақтап жүрдіңіз.Бірақ сіз наубайшының ұлын өте данышпан әрі әділ етіп тәрбиеледіңіз.Сізге өмірде денсаулық тілеймін!




