Есірткіге жол жоқ!
50
Есірткіге жол жоқ!
Есірткі — адам өмірін құрдымға апаратын ең қауіпті нәрселердің бірі. Ол адамның денсаулығын бұзады, арманын жояды, отбасын қайғыға қалдырады. Көп жастар қызық үшін немесе достарына еліктеп, осы қателікке жол береді. Бірақ есірткі ешқашан жақсылық әкелмейді. Ол болашақты ұрлайды.
Біздің таңдауымыз — дені сау өмір, спорт, білім және дұрыс орта. Әр жас өз өмірі үшін жауапты екенін түсінуі керек. Мақсатқа жету үшін есірткі емес, еңбек пен табандылық қажет. Біз өз болашағымызды өзіміз құрамыз.
Мен барлық жастарды есірткіден алыс болуға, жаман әдеттерге «жоқ» деп айтуға шақырамын. Таза өмір — жарқын болашақ!
Ақарыс Әділжан Бименұлы
Қызылорда қаласы, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің 9 "Б" сынып оқушысы
Ақарыс Әділжан Бименұлы
Қызылорда қаласы, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің 9 "Б" сынып оқушысы


