Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы

TopIQ.kz – сабақ үрдісіндегі жаңашылдық

18

 

TopIQ.kz – сабақ үрдісіндегі жаңашылдық

         Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Заманауи білім беру платформаларының ішінде отандық TopIQ.kz электрондық оқулықтар платформасы оқу үрдісін жаңа деңгейге көтеріп, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін жеңілдететін тиімді құрал ретінде танылып келеді.


         Мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде TopIQ.kz платформасын сабақтарымда жүйелі түрде қолданудамын. Платформаның интерактивті мүмкіндіктері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын кешенді дамытуға зор мүмкіндік береді. Сабақбарысында электрондық оқулықтағы бейнематериалдар,аудиожазбалар,интерактивті тапсырмалар мен автоматты бағалау жүйесі оқу мақсатына қол жеткізуді жеңілдетеді.    Әсіресе оқушылардың өздігінен жұмыс жасауына, білім деңгейін бірден тексеруіне және жіберген қателерімен жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай қалыптастырады. Мұғалім үшін әр оқушының оқу жетістігін бақылап, сараланған тапсырмалар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Платформаны пайдалану нәтижесінде сабақтарымның мазмұны жаңарып, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы айтарлықтай артты. Интерактивті форматтағы тапсырмалар оқушылардың ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасауына, сыни ойлау және цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытуына оң әсерін тигізуде. 


         TopIQ.kz платформасы – білім сапасын арттыруға, оқушылардың оқуға деген құлшынысын күшейтуге және мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи білім беру ортасы. Болашақта да цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы сапалы білім беруге өз үлесімді қоса беремін.


 

 

Тілектесова Аягөз Әсетқызы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақжар ауылы


Саға мектеп-балабақшасының ағылшын тілі пәні мұғалімі