Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы
Жаңа жаңалықтарға жазылыңыз
Сайтта өзгеріс болса, сізге E-mail арқылы хабарлама келеді.
Жазылу
Жазылған: 70

С. Толыбеков атындағы №3 IT мектеп- лицейінде "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!" 5-7 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

195

Мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру.

"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!" атты әдеби-сазды кеш — рухани құндылықтарды ұлықтаған, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына деген шексіз құрметтің айқын көрінісі болды. Кеш ұйымдастырушылары М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
4S01140601 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің студенттері жоғары дәрежеде алып шықты.  С. Толыбеков атындағы №3 IT мектеп- лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Сабырқызы, колледж әдіскерлері Гүлжанат Мұхиддинова, Гүлнұр Жүсіпова және оқу-өндірістік әдіскер Сандуғаш Қылышбаева іс-шараға қатысып, машықтанушыларға іс-тәжірибелерін тамашалап, сәттілік тіледі.  


Шара барысында, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері көркемдік және мазмұн жағынан  жоғары деңгейде оқылды, ал оның әндері жүрекке жылы еніп, тыңдарманын ерекше әсерге бөледі. Кеште жас өнерпаздардың, әдебиет сүйер оқушылардың, ұстаздар мен көрермен қауым өкілдерінің белсенділігі қуантты.

Бұл кеш – тек еске алу емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа Абай мұрасын жеткізудің жарқын үлгісі. Осылайша, әдеби-сазды кеш көрерменге рухани ләззат сыйлап қана қоймай, ұлы ойшылдың мұрасын қайта жаңғыртуға зор үлес қосты. Мұндай шаралар ел болашағы – жастардың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына үлкен әсер етеді.