" Таза қала - таза болашақ " сурет байқауы
«ТАЗА ҚАЛА – ТАЗА БОЛАШАҚ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1.«Таза қала – таза болашақ» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған сурет байқауы.
Байқаудың мақсаты:
Балаларда туған жеріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалыққа деген жауапкершілік ұстанымын сурет арқылы жеткізу.
Міндеттері:
· Балалардың экологиялық санасын қалыптастыру;
· Тазалық, табиғатты аялау тақырыптарына қызығушылығын арттыру;
· Сурет салуда шығармашылық қабілеттерін дамыту;
· Қаланың көрікті келбетін қорғауға үндеу.
2. Қатысушылар:
Байқауға мектепке дейінгі ұйымның 4–6 жастағы тәрбиеленушілері қатыса алады.
Қатысу форматы — жеке немесе топтық (2–3 бала бірігіп).
3. Байқау өткізу мерзімі мен тәртібі
Ұйымдастыру кезеңі: суреттерді қабылдау – (1–25 қараша аралығы).
4. Жұмысқа қойылатын талаптар
· Сурет форматы: А4 немесе А3 парақта орындалады.
· Техникасы еркін (гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника).
· Әр жұмыстың артқы бетінде баланың аты-жөні, жасы, тобы, мекеме атауы және тәрбиешінің аты-жөні жазылады.
· Сурет жеке орындауда болуы тиіс (ата-ананың көмегінсіз)
· Жұмыстарды sheberlikshyny@mail.ru электронды почтасына жолдау және өз әлеуметтік желіңізде (Instagram) жүктеп, #ШеберлікШыңы2025 хештегімен парақшаны https://www.instagram.com/sheberlik_shyny?igsh=NDl5N2dseHcwdm9s белгілеу.
5. Бағалау критерийлері
Тақырыптың ашылуы (тазалық, экологиялық ойды жеткізу)
Шығармашылық және қиял ұшқырлығы
Түстер үйлесімділігі мен эстетикалық көрінісі
Өз бетінше орындау шеберлігі
Жалпы көркемдік әсері
Максималды балл: 5
Барлығы: 25 балл
6. Нәтижелер мен марапаттау
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Әрбір тәрбиеленушіге «Қатысушы сертификаты» беріледі.
7. Номинациялар
- «Ең үздік экологиялық ой»
- «Түстер үйлесімімен тамсандырған сурет»
- «Болашақ эколог»
- «Көрермен көзайымы»
8. Ұйымдастырушы
«Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығы .(Қажет болған жағдайда жергілікті экология бөлімі немесе ата-аналар қауымдастығы серіктес ретінде тартылады)
Басқада сұрақтар бойынша «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығының әдіскері 8(708)8704372 Жауқазын (WhatsApp)
9. Қосымша ереже
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар көрме түрінде ұйымдастырылады. Үздік жұмыстар «Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығының және балабақша сайтында жарияланады





