Білім берудегі менеджмент
“Білім берудегі менеджмент” қауымдастығы – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарын басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымдарындағы басқару қызметінің тиімділігін арттыру, директорлар мен директор орынбасарларының басқарушылық құзыреттілігін дамыту мақсатында құрылған шығармашылық-әдістемелік бірлестік.
Шығармашылық топ құрамына:
- білім беру ұйымдарының директорлары;
- директордың орынбасарлары;
- 1, 2, 3 санатты басшылар мүше бола алады.
Қауымдастық мүшелері басқару тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми-әдістемелік іс-шараларға қатысып, форумдар, конференциялар, байқауларға қазылық жасап, өз тәжірибелерін кәсіби қоғамдастыққа ұсына алады.
Қауымдастықтың мақсаты:
- Білім беру ұйымдарындағы басқару қызметінің тиімділігін арттыру;
- Директорлар мен орынбасарлардың басқарушылық, көшбасшылық және ұйымдастырушылық құзыреттіліктерін дамыту;
- Заманауи білім беру менеджментінің озық тәжірибелерін енгізу;
- Басқарудағы жаңашыл идеялар мен тиімді шешімдерді тарату;
- Үздіксіз кәсіби дамуға бағытталған басқарушы кадрлардың кәсіби ортасын қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін терең меңгеру және тәжірибеде қолдану;
2.Білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи модельдерін зерттеу және енгізу;
3.Басқару саласында коучингтер, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру;
4.Стратегиялық жоспарлау, мониторинг және бағалау жүйесін жетілдіру;
5.Басқарушылардың көшбасшылық, коммуникативтік, шешім қабылдау қабілеттерін дамыту;
6.Ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар өткізу;
7.Басқару тәжірибесі бойынша әдістемелік өнімдер әзірлеу (нұсқаулықтар, кейс-жинақтар, ұсынымдар);
8.Білім сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді бірлесе талдау.
