"Orda school" жеке мектебінде «Бастауыш сынып пәндерінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы құндылыққа бағытталған білім беру» атты қалалық семинар болып өтті.
Қаламыздағы іргелі оқу орны "Orda school" жеке мектебінде «Бастауыш сынып пәндерінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы құндылыққа бағытталған білім беру» атты өте мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы зор қалалық семинар болды. Семинар барысында ұстаздар қауымы қазіргі білім беру жүйесінде құндылықтарға негізделген білімнің маңыздылығын терең түсініп, оқушылардың тұлғалық дамуына әсер ететін түрлі тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Семинардың мақсаты: Білім беру бағдарламаларының мазмұнындағы құндылықтардың сабақтарда үйлесімді кіріктіруін қамтамасыз ету, оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы пәнаралық және пәнішілік байланысты үйлесімді қамтамасыз ете отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
|
р\с
|
Мазмұны
|
Өтетін орны
|
Уақыты
|
|
І
|
Ашылуы
|
||
|
1 |
Тіркелу Қонақтарды мектеп оркестрімен қарсы алу |
Кіреберіс фойе
|
8.30-8.45 |
|
2 |
Көрмемен таныстыру Бірінші қабатта (бастауыш сынып оқушыларының сурет көрмесі және сабақта пайдаланылатын дидактикалық материалдар көрмесі; би, робототехника үйірмесінің жүруі) Екінші қабатта (көрме-қолөнер бұйымдары; қысқы баққа саяхат) Үшінші қабатта Үйірме жұмыстарының жүргізілуі (домбыра, шахмат, дзюдо) және киіз үй кабинеті мен көрме |
Фойе Үйірме кабинеттері |
8.45-9.05 |
|
3 |
Ашылуы Қалалық білім бөлімі мен мектеп директоры
Концерттік бағдарлама |
АКТ зал |
9.10-9.20
9.25-10.00 |
|
ІІ
|
10.05 –сабақ өтетін сыныптарға орналасу
|
||
|
1 |
Қазақ тілі Тақырыбы: «Қарсы мәндес сын есімдер» 4 «Е» сыныбы (қазақ тобы) Бердібекова Зере |
І қабат №103 кабинет
|
10.05-10.50 |
|
2 |
Естествознание Тема урока: «Источники звука» 2 «Г» сыныбы (орыс тобы) Лекерова Гаухар |
ІІ қабат №210 кабинет |
10.05-10.50 |
|
3 |
Математика Тема урока: Обобщение 4 «Д» сыныбы ( орыс тобы) Смайлова Күлзада |
ІІ қабат №213 кабинет |
10.05-10.50 |
|
4 |
Қазақ тілі Тақырыбы: Есептік және реттік сан есім 3 «А» сыныбы (қазақ тобы) Есенаманова Жаннат |
І қабат №116 кабинет |
10.05-10.50 |
|
5 |
Математика Тақырыбы: «Көбейту мен бөлуге берілген есептер» 2 «Ә» сыныбы (қазақ тобы) Әбілдаева Жазира |
ІІ қабат №214 кабинет |
10.05-10.50 |
|
6 |
Информатика Тақырыбы : «Передача данных в Интернет» 4 «И» класс (орыс тобы) Жумахметова Айда |
І қабат №108 кабинет |
10.05-10.50 |
|
7 |
Математика Тақырыбы: Монеталардың құны 1 «Ә» сыныбы (қазақ тобы) Меңдібай Толғанай |
ІІ қабат №212 кабинет |
10.05-10.50 |
|
ІІІ
|
10.55-11.15 Кофе-брейк (І қабат мектеп асханасы)
|
||
|
ІV
|
11.20 2-ші сабақ өтілетін сыныптарға орналасу
|
||
|
1 |
Әдебиеттік оқу Тақырыбы: «Ғарыш жолы жалғасады» 4 «Ә» сыныбы (қазақ тобы) Григорьева Р.М |
ІІ қабат №215 кабинет |
11.20-12.05 |
|
2 |
Математика Тақырыбы: «Бөлімдері бірдей жай бөлшектері бар өрнектерді салыстыру» 4 «П» сыныбы (қазақ тобы) Кенжепалова Назерке |
І қабат №116 кабинет |
11.20-12.05 |
|
3 |
Қазақ тілі Тақырыбы: Етістікті қайталау 2 «А» сыныбы (қазақ тобы) Кребаева Гүлшат |
ІІ қабат №211 кабинет |
11.20-12.05 |
|
4 |
Русский язык Тема: Второстепеннные члены предложения. Синтаксический разбор предложения 4 «Р» класс (орыс тобы) Куприенко Ольга Ильясовна |
ІІ қабат №209 кабинет |
11.20-12.05 |
|
5 |
Қазақ тілі Тақырыбы: Сан есім 4 «З» сыныбы (қазақ тобы) Сағынбаева Ә |
ІІ қабат №205 кабинет |
11.20-12.05 |
|
6 |
Математика Тақырыбы: Есепті шығару жолдары. Қағаз ақша 3 «Б» сыныбы (қазақ тобы) Сәрсенбаева Гүлмира |
І қабат №103 кабинет |
11.20-12.05 |
|
7 |
Көркем еңбек Тақырыбы: Ғарыш кемесі 4 «А»сыныбы (қазақ тобы) Болат Ұлдана |
ІІІ қабат №317 кабинет
|
11.20-12.05 |
|
V
|
12.05-12.45 Шараны қорытындылау
|
||
|
1 |
Семинар-практикум «Бастауыш сынып сабақтарында құндылыққа бағытталған білім беру» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садықова А
|
АКТ зал
|
12.05-12.10 |
|
2 |
Сыныптан тыс уақыттарда оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева Айман
|
АКТ зал |
12.10-12.15 |
|
3 |
Рефлекция (қатысушы мұғалімдер)
|
АКТ зал |
12.15-12.30 |
|
4 |
Семинарды қорытындылау Қалалық білім бөлімінің әдіскері
|
АКТ зал |
12.30-12.45 |
Атап айтқанда, семинарда көрсетілген заманауи педагогикалық технологиялар мен оқытудың белсенді әдістері білім беру үрдісін оқушыға жақын, қызықты әрі тиімді етуге бағытталған. Бұл әдістер оқушылардың бойында адамгершілік, патриоттық, ынтымақтастық, жауапкершілік сынды құндылықтарды қалыптастыруға зор үлес қосады.
Семинар практикалық бөлімінің де ерекше болғанын атап өткім келеді. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты сабақтардан үзінділер ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдердің қолданылуын нақты мысалдармен көрсетті. Бұл басқа әріптестерге шабыт беріп, өз іс-тәжірибелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Қорытындылай келе, мұндай семинарлар мұғалімдердің кәсіби дамуына, білім беру сапасының артуына және өскелең ұрпақтың бойында ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге үлкен серпін беретіні сөзсіз.






