Мақатаев оқулары
«Шеберлік шыңы» әдістемелік орталығы №514 бұйрық
негізінде ұйымдастырылған «МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты
шығармашылық байқауына жасөспірімдер мен оқушыларды қатысуға шақырады!
Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, лирик ақын, ұлттық рухтың
жыршысы Мұқағали Мақатаевтың (1931–1976) шығармашылығы – қазақ
әдебиетінің алтын қазығы. Ақын өлеңдеріндегі отансүйгіштік, адамгершілік,
махаббат, ана тіліне деген құрмет пен ұлттық болмыс бүгінгі жас ұрпақ
тәрбиесінде аса маңызды.
Мұқағали Мақатаев оқулары – оқушылар мен жастардың көркем сөзге
деген сүйіспеншілігін арттырып, әдеби-рухани дүниетанымын кеңейтуге,
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған маңызды рухани шара.
Байқау мақсаты:
• Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен
шығармашылығын кеңінен насихаттау;
• Көркем сөз оқу, өлең жазу, эссе жазу арқылы шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
• Дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету.
Міндеттері:
• Қатысушыларды Мұқағали Мақатаевтың поэзиясын терең оқуға,
талдауға ынталандыру;
• Өлеңді мәнерлеп оқу, монолог, эссе, шығармашылық жұмыстар арқылы
ой еркіндігін дамыту;
• Ақын өлеңдеріндегі ұлттық құндылықтар мен тәрбиелік мәнді
ұғындыру;
• Білім беру ұйымдары арасында шығармашылық тәжірибе алмасу
алаңын қалыптастыру.
Негізгі Номинациялар:
| «Қара өлеңнің қасиеті» |
Мәнерлеп оқу: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін көркем, мәнерлеп оқу |
| «Мұқағали – мәңгілік жыр» |
Авторлық өлең: Мұқағалиға арнау |
| «Өмір деген – бір өлең» |
Эссе жазу: Мұқағали поэзиясындағы бір тақырыпты талдау |
| «Поэзия – өнердің биігі» |
Қолөнер / сурет: Ақын бейнесі немесе өлеңіне иллюстрация |
Қатысушылар:
Байқауға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатыса алады.
• Кіші топ: 1–4 сынып
• Орта топ: 5–9 сынып
• Жоғары топ: 10–11 сынып және колледж студенттері
(Жеңімпаздар әр жас ерекшелігі бойынша жеке анықталады.)
Қойылатын талаптар:
Жалпы талаптар:
1. Жұмыстар белгіленген мерзімде қабылданады;
2. Жұмыс мазмұны Мұқағали Мақатаев шығармашылығына сәйкес болуы
тиіс;
3. Барлық жұмыстар авторлық, тың идеяға негізделуі қажет;
Номинациялар бойынша нақты талаптар:
| Номинация | Нақты талаптар |
| Мәнерлеп оқу, монолог |
Уақыты: 3–5 минут. Дауыс ырғағы, сахналық мәдениет, мәтінді сезінуі бағаланады |
| Эссе | Көлемі: 300–400 сөз. Ой тереңдігі, тіл байлығы, композициясы ескеріледі |
| Қолөнер, сурет | Эстетикалық талаптарға сай, тақырыпты ашуы қажет |
Қатысу шарттары:
1. Әр қатысушы байқауға қатысу өтінішін толтыруы тиіс;
2. Бір қатысушы тек бір (1) номинацияға ғана қатыса алады;
3. Қатысу жарнасы: 1-турға – 1000 теңге
4. Құжаттар мен жұмыстарды келесі электронды поштаға жолдау қажет:
sheberlikshyny@mail.ru
5. Қатысушы жұмыстары 01.02-23.02.2026 жылы аралығында
қабылданады.
6. Байқау қорытындысы 28.01.2026 жылы «Шеберлік шыңы» әдістемелік
орталығының ресми сайтында жарияланады.
7. Жіберілетін құжаттар:
• Толтырылған өтініш парағы;
• Жарна төленгені туралы түбіртек көшірмесі;
• Таңдалған номинация бойынша жұмыс (мәтін, фото, видео).
Байланыс телефондары:
+7 (771) 1759682 – Байқау үйлестірушісі(WhatsApp)
Байқауға қатысу үшін 1000( мың) теңге жарнапұл төленеді




