"БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ" "ҒАРЫШҚА САЯХАТ" сурет байқауының қорытындысы
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай №514 бұйрық негізінде ұйымдастырылған "БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ" «Ғарышқа саяхат» атты сурет байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың ғылымға, ғарыш кеңістігіне деген қызығушылығын арттыру және қиялын ұштау болды.
Байқауға республика бойынша білім беру ұйымдарының оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері белсенді қатысып, өздерінің тың идеялары мен ерекше туындыларын ұсынды. Қатысушылар ғарыштың тылсым әлемін, жұлдыздар мен ғаламшарларды, болашақ технологияларды көркем бейнелеу арқылы өз қиялдарының шексіздігін көрсете білді.
Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалау барысында шығармашылық ерекшелігіне, мазмұнының тереңдігіне, тақырыптың ашылуына және көркемдік деңгейіне ерекше мән берді. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Барша білім алушыларды алдағы уақытта осындай шығармашылық бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз!




