Өтініш жіберу

Шеберлік шыңы
Жаңа жаңалықтарға жазылыңыз
Сайтта өзгеріс болса, сізге E-mail арқылы хабарлама келеді.
Жазылу
Жазылған: 70

Тәрбие тағылымы

11

   Тәрбие тағылымы” қауымдастығы - тәрбиеші-педагогтердің шығармашылық тобы бұл білім беру процесін жетілдіру, әдістемелік жұмыс сапасын арттыру және жаңашыл тәжірибені енгізу, шығармашыл және зерттеуші бағытта жұмыс істеу, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әділ, шынайы, жауапты, үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатын педагогтердің ортасын құру мақсатында құрылған тәрбиешілердің бірлестігі. Шығармашылық топ тәрбиешілерін, мектепалды топ мұғалімдерін немесе дене тәрбиесі нұсқаушылары мен музыка жетекшілерінен құрылған педагогтерді өз өтініштері негізінде біріктіре  алады.

   “Тәрбие тағылымы” қауымдастығының мақсаты:

  • Мектепке дейінгі ұйым мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдау,  шығармашылық әлеуетін дамыту,  жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, тәрбиелеу және оқыту процесінің сапасын арттыру;
  • Педагогикалық қызметті жобалау мен жүзеге асырудағы педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;
  • Педагогке өзгерістер мен инновациялық процестерге белсенді жауап беріп, оқыту мен тәрбиелеуде лидерлік қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беру;
  • Үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатын педагогтердің ортасын құру және өз мансабын кәсіби дамытуға жағдай жасау;

   Міндеттері:

   -    Оқыту әдістемелері мен технологияларын, тәрбие мен білім беру процесінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдану;
   -    Кәсіби даму траекториясын құру және өзін-өзі кәсіби дамытуды жүзеге асыру;
   -    Озық тәжірибелерді тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы мен әдістерін енгізу; 
   -    Әдістемелік өнімдер дайындау (бейне сабақтар, нұсқаулықтар, т.б.).
   -    Тәрбиешілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;
   -    Балалармен мектепке дейінгі ұйымда ойындар мен кіріктірілген іс-әрекеттерді жобалау және өткізу;
   -    Балалардың академиялық жетістігі мен тәрбиесі үшін жауапкершілікті күшейту.

Скачать файл: ТТ жылдық жоспар.pdf
Посмотреть онлайн файл: ТТ жылдық жоспар.pdf
 

Тағы да оқыңыздар