Шеберлік шыңы
“Шеберлік шыңы” қауымдастығы – кәсіби шеберлікті дамытуға, үздік педагогикалық тәжірибелерді игеруге және оны білім беру процесінде тиімді қолдануға бағытталған мұғалімдердің бірлестігі. Мұнда құрылған топ мүшелері орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген байқауларға, ғылыми жобаларға, конференцияларға қазылық жасап, өз жұмыстарын тегін ұсына алады.
«Шеберлік шыңы» қауымдастығының мақсаты:
- мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін дамыту, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру;
- Жаңашыл идеяларды бөлісу және тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын көтеру;
- Белсенді, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әділ, шынайы, жауапты педагогтердің қолайлы ортасын қалыптастыру;
- Үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатын педагогтердің ортасын құру.
Міндеттері:
- Заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру және тәжірибеге енгізу;
- Өз тәжірибелерімен конференциялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру
- Ашық сабақтар, коучингтер, семинарлар ұйымдастыру;
- Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;
- Жылдық жұмыс жоспарын құрып, жүйелі түрде жұмыс жүргізу;
- Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын бірлесе талдау;
- Әдістемелік өнімдер дайындау (бейне сабақтар, нұсқаулықтар, т.б.).
